Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бекболат Тілеухан "Отбасы" туралы заң жобасын "байқамай" қолдап жіберген

"Ауырып тұрған соң бұл нәрсеге үңіле алмай қалып, бірінші оқылымда біздің өзіміз қолдап жібердік..." - дейді ол.

Бекболат Тілеухан "Отбасы" туралы заң жобасын "байқамай" қолдап жіберген
фото: ашық дереккөз

Бүгінде әлеуметтік желілерде "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қызу талқыланып жатыр, деп хабаралды paryz.kz

Бұл заң бойынша, отбасында балаға зорлық-зомбылық көрсеткен ата-ана заңмен жазаланады. Әзірге бұл әлі жоба. Қабылданған жоқ. Дегенмен осы жобаны кім ұсынды?

Тағы оқи отырыңыз: "107 партия қалаулысы қол көтере салған ба?": Отбасы туралы заңға қарсылық күшейді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 31 арнаға берген сұхбатында бұл заңды атүсті қолдап жібергенін мойындады. 

"Ауырып тұрған соң бұл нәрсеге үңіле алмай қалып, бірінші оқылымда біздің өзіміз қолдап жібердік. Ал негізі бұған қарсымын", - деп жауап берді Бекболат Тілеухан.