Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"107 партия қалаулысы қол көтере салған ба?": Отбасы туралы заңға қарсылық күшейді

"Әуелі ажиотаж жасалып, содан соң жұрт шуылдайды. Бір "елбасышыл" депутат күңіреніп отырып, ол заңға наразылық білдіреді. Жаңа батырға бүкіл ел риза болады. Содан соң, елбасы да халықтың айтқанымен келісіп, ол заңға қол қойылмайды..."

"107 партия қалаулысы қол көтере салған ба?": Отбасы туралы заңға қарсылық күшейді
фото: ашық дереккөз

Кешелі бері әлеуметтік желіде бұған дейін болмаған үлкен резонанс туды. Халықты бұлай дүр сілкінткен "Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау" туралы жаңа заң болды. Осыған қатысты бірқатар азаматтың салмақты пікірін назарларыңызға ұсынамыз, деп жазды adyrna.kz. 

Есенбек Санатұлы: Қазақтың менталитетіне мүлде жат, тіпті Ресей мен Беларусь қабылдамай қойған тұрмыстық зорлық-зомбылық (зомби қылатын) туралы заң жобасын былтыр бірінші оқылымда қабылдап қойған депутаттардың көбісі осы жолы қайта келді, беттері сазарып. Айтыңыздаршы, ұялмай қалай қабылдадыңыздар? Бақытбек Смағұл, Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, тағы кім еді, патриот боп жүретіндерден?.. Айтпақшы, Омархан Өксікбаев, сіз де сол кезде Мәжілісте болдыңыз ғой. Сонда 107 партия қалаулысынан бірде-бірі заң жобасымен жете таныспай, қол көтере салған ба?

Serik Abikenuly: Депутаттар Конституцияны оқымаған ба деймін. Оқыса:

  1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
  2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

(ҚР Конституциясы, 27-бап) жазылып тұрғанын білулері керек қой. "Половая свобода" деген не пәле, Бақытбек Смағұлов пен Гүлшара әпкеміз түсіндіріп бере ала ма екен? Қазақтың бар үйінде "полный свобода" ғой, кішкентайлар шүметайын шошайтып шауып жүреді. Біреуге "әтту" аттырып, екіншісіне бермейді, өз шүметайы, өзі біледі. Молда "модный" етіп бергеннен кейін, олай жүрген ұяттау екенін бәрі түсіне қояды. Ал ақ самайлы, сары тісті депутаттар ондай қазақы тәрбиеңді ұқпаймыз, "половая свободаны" сүйеміз, солай жүреміз десе, пажалыста, үйінде, тіпті Парламентте жүре берсін. Тек көшеге шығып кетіп, біздің бала-шаға, немере-шөберені шошытпасын. Ондай "кәкәй қылық" та, былық заңдары да керек емес!

Алданазар ЖайлыұлыӘлеуметтік желілерде "Бала құқығы" туралы заңға қиналып жатқандар көп. Меніңше, ол заң қабылданбайды. Әуелі ажиотаж жасалып, содан соң жұрт шуылдайды. Бір "елбасышыл" депутат күңіреніп отырып, ол заңға наразылық білдіреді. Жаңа батырға бүкіл ел риза болады. Содан соң, елбасы да халықтың айтқанымен келісіп, ол заңға қол қойылмайды. Елбасы "Европадан бөлек, Қазақстанның өзіндік демократиясы бар екенін" тағы қайталауы мүмкін. Ел қуаныштан бөркін аспанға атады. Зиялылар он күн бойы әлгі депутат пен елбасыға рақметін жаудырады. Біраз ақын елі үшін туған елбасыға жаңа өлеңдерін арнайды. Кей пысықтар әлгі депутаттың "нұрқұл" дегендерге "тектілердің тектісі" екенін айта кетеді. Зиялы қауымның біразы "ұлтшыл", "елі үшін туған ер", "ұлттың ұяты" деп баспасөзде мақалалар жазады. Ең бастысы, көпшіліктің елбасы және ұрлық дауыспен сайланған депутаттарға көңілі тола бастайды. Спектакль жалғаса береді. Халық риза! Жаса, Қазақстан!

Есенғазы Қуандық: 2020 жылы 23 қыркүйекте бірінші оқылымда қабылданған "О противодействии семейно-бытовому насилию" деген қазаққа қарсы заңды дайындаған депутаттар: Г.Әбдіқалықова, Мұрат Бахтиярұлы (тарих ғылымдарының докторы, Қызылордадан), Д.Нукетаева (ЖенПи де ректор болған, Алматы облысының тумасы), А.Нуркина, С.Сейдуманов (бұрынғы Алматы әкімінің орынбасары), Бақытбек Смағұл (Ауған соғысына қатысыпты, жалған орден иеленген екен - Қызылорадан), Ләззат Сүлейменова (Орталық сайлау комиссиясында 20 жыл істеп, өзін-өзі сайлап алған депутат), И.Унжаковалар. Ішінде мемлекетшіл, қазаққа жаны ашитындары жоқ, жағымпаздар, шала сауатты, ұлттық мүддені сатқандар.

Әлеуметтік желі қолданушылары осылай деп жазып жатыр.