Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Мені мақтаудың орнына, бәрі сұрақ астына алады" - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мұхамедиұлы министрліктен кету туралы өтінішті мемлекет басшысына өзі айтқан екен. 

"Мені мақтаудың орнына, бәрі сұрақ астына алады" - Арыстанбек Мұхамедиұлы
фото: ашық дереккөз

Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бар сырын айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Ащы да болса ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігін 5 жыл басқарған. Бұл аралықта жақсы да, жаман да әңгімелер айтылды. Экс-министр "маған қысым жасады" деген бойжеткенмен соттасты. Одан кейін Тұңғышбай Жаманқұловпен дауласты. 

"Мен президент оркестрін басқарып тұрғанда маған "Еңбек сіңірген қайраткер" атағын ұсынды. Сол кезде мен  бас тартып, орныма Александр Абылаев деген дирижерға атақ беруді сұрадым. Өзім келесі жылы, не басқа жолы алам ғой деп ойладым. Бірақ ол атақты мен 6 жылдан соң алдым. Жолым болмады. Алты жылдан соң бұйырды өзіме. Біреуге жол берсең де осындай кемшіліктері болып тұрады. Мұны мысал ретінде ғана айтып отырмын. Кейін маған қысым жасады деген бір қыз шықты. Оның маған жала жапқаны белгілі болды. Қыз кешірім сұрап, жала жапқанын айтты. Солай іс тоқтады. Оның обалына қалып қайтем? Кешірім сұрап, ел алдына шыққан соң солай жаба салдым. Ресейге 3 миллион доллар аудар деді. Бұл дау осыдан туды. Мен келіспедім. Ақшаны өз елімізде алып қалдым. Осыдан соң ушыққан мәселе, маған жала жапқысы келгендердің әрекеті. Қызға ақша беріп, сценарий жазып, сөйлеткен. Сонда мені қазақтың керемет азаматы, ақшаны елімізге алып қалды деп мақтаудың орнына бәрі сұрақ астына алды. Тоқтату керек қой мұндайды", - деп ренішін білдірді Мұхамедиұлы.

Тағы оқи отырыңыз: "Үйлері миллиардтармен есептеледі": Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы ВИДЕО тарады

Сондай-ақ ол араздасып жүрген Тұңғышбай Жаманқұловқа 1,5 миллион теңге көмек ретінде берген екен. 

"Тұңғышбай Жаманқұлов 3 млн долларды Ресейге әкетпек болғанда мен тоқтаттым. Сол үшін ренжиді ғой. Ал 1,5 млн теңгені мен ол кісінің қамақтан шығуы үшін бердім. Қарызға емес, көмек ретінде бердім. 900 мыңдай жалақы алатынмын. Сол кезде түскен 1,5 млн теңге сыйақыны аударып жібердім. Қазір 3 есе аз жалақы аламын. Бірақ кітап жазып жүрмін. Одан пайда түседі. Халықаралық қойылымдарға сценарий жазамын. Оның бәрінен табыс түсіп отыр", - деді бұрынғы министр. 

Мұхамедиұлы министрліктен кету туралы өтінішті мемлекет басшысына өзі айтқан екен. 

"Мен бір орында отырып қалғанды дұрыс көрмеймін. Мәдениет министрлігін мен 5 жыл басқардым. Бұл аз уақыт емес. Сондықтан кетейін деп өзім айттым. Адам бір орнында отырса, өспей қалады. Бес жыл жетеді деп ойлаймын", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.