Елге доллардың алғашқы партиялары жеткізілді

Елімізге қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Елге доллардың алғашқы партиялары жеткізілді
Сурет: Halyk-uni.kz

 Қаражаттың алғашқы легі келіп түсті. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. 

Қазір сатып алдық. Алғашқы партия келіп жетті. Сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады, – деді Пірматов.

«Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша «қауіпсіздік жастықшасы» болу үшін жасаймыз. Егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпесе, береміз», – деп қосты ол.

Бұған дейін Ұлттық банк Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.