«Өндіріс тоқтамайды!» - Министрлік қант тапшылығына байланысты жауап берді

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда қант жеткілікті екенін мәлімдеп, халықтан себепсіз дүрлікпеуді сұрады деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өндіріс тоқтамайды!» - Министрлік қант тапшылығына байланысты жауап берді

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде қанттың бағасы бірден 500-750 теңгеге дейін көтеріліп кетіп, жұрттың оны жапатармағай таласа-тармаса сатып алып жатқан видеолары тарап жатыр. Тарихында екі ашаршылық, талай тоқырау көрген халықтың бұл әрекеті жақсылықтың нышаны емес. Ал министрлік оларды даурықпауға шақырды.

 

«Бүгінде елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жетеді. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі де бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», – деп мәлімдеді ведоствоның ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Бұл ретте экономикалық санкцияларға байланысты, Ресей билігінің жарты жылға дейін қант экспортына тыйым салғанын айта кеткен жөн.