Атышулы спортшы Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты

Еске сала кетсек, осыған дейін ол 8 жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан болатын.

Атышулы спортшы Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мұрнына ота жасатып, ота кезіндегі және кейінгі суреттерін Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлады paryz.kz.

Кадрдан спортшының ота үстелінде жатқанын аңғаруға болады. Ал отадан кейінгі суреттердің бірінде мұрны байланған, ал екіншісінде құлағындағы тігістер байқалады.

"Ота сәтті өтті. Бір айдан соң қатардан көрінеміз, иншаалла" деп жазды ол.

Тағы оқи отырыңыз: "Көзімнің үстіндегі майды алдыртқанмын...": Гүлзира Айдарбекова отаға жиі жүгіне ме?

Әлішер Кәрімов бетіне тағы да пластикалық ота жасатыпты (ВИДЕО)

Желі қолданушылар Қуат Хамитовтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Еске сала кетсек, осыған дейін ол 8 жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан болатын. Сөйтіп жүріп, өзінің жеке партиясын да құрғысы келеді.