Әлішер Кәрімов бетіне тағы да пластикалық ота жасатыпты (ВИДЕО)

Кейбір әріптестерінің айтуынша, ер адамның мұндай операия жасатуы тым ерсі көрінеді.

Әнші Әлішер Кәрімов тағы да пластикалық отаның көмегіне жүгінді, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Әлішер Кәрімов қазір Ресейдің Петербор қаласында жүр екен. Әншіні видеоға түсіріп алған жанкүйерлері оның тағы бір мәрте пластикалық ота жасатқанын айтқан. Олар жолдаған видеода әншінің бет-ауызы оралып, мұрны бинтталған. Бұған дейін жасатқан оталарын ашық түрде жариялап келген ол бұл жолғы операциясы туралы ешкімге тіс жармапты.

Әлішер Кәрімов желіде тараған бұл ақпаратты әлі өзі ресми түрде растаған жоқ. Еске сала кетсек, бұған дейін әнші бет-әлпетіне жасатқан пластикалық ота жайлы ашып айтқан еді. Алайда, оның бұл әрекетін шоу-бизнестегі әріптестері қолдамай, пластикаға жүгінгенін сынға алды. Кейбір әншілер сымбатты көріну үшін пластикалық ота жасатуды әбестік деп санайтын болып шықты. Олардың айтуынша, ер адамның мұндай операция жасатуы тым ерсі көрінеді.