Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Атышулы Қуат Хамитов "Біртұтас Қазақстан" партиясын құратынын мәлімдеді

"Негізі мұны жасағым келмеген, алайда мемлекет бұл процессті тездетті", - дейді бас бостандығы 6 айға шектелген спортшы.

Атышулы Қуат Хамитов "Біртұтас Қазақстан" партиясын құратынын мәлімдеді
фото: ticketon.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Instagram парақшасында өзінің "Біртұтас Қазақстан" партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, HOLA News-ке сілтеме жасап.

"Мен өз партиямды ашатынымды ресми түрде жариялаймын! Негізі мұны жасағым келмеген, алайда мемлекет бұл процессті тездетті. Партия кім кінәлі, кім не істеп жатыр деген дүниелерді айту үшін құрылмайды, ол халықтың дауысын есту үшін құрылады! Мемлекетіміздің басты проблемасы - халық пікірімен санаспау және ескермеу. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп сенемін. Не дегенмен, еркін елде өмір сүреміз ғой",- дейді спортшы.

HOLA News спортшымен байланысқа шығып, оны партия құруға не итермелегенін сұрады. Хамитовтың айтуынша, билік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қабылдар алдында ең алдымен халық пікірін ескеру керек.

"Мен жарияладым, енді осы бойынша жұмыс істейтін боламыз. Ең бастысы - тіркелу", - дейді ол.

Сондай-ақ, спортшы өз партиясына кез келген қазақстандықтың қосыла алатынын айтты.

Тағы оқи отырыңыз: "Маған бәрібір": Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты

Еске сала кетсек, бүгін Алмалы аудандық соты Қуат Хамитовтің бас бостандығын 6 айға шектеу туралы үкім шығарған еді. Оған ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімі бойынша ("Билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру") айып тағылды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.