Сот шешімі бүгін сағат 14:30-да жарияланады деп күтіледі.
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өз жалғасын тауып, бұл жолы спортшы оған қатысты, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"...Мен үшін қандай жаза берсеңіздер де бәрібір, тек маған қажет кезде ерік берулеріңізді сұраймын. Яғни, шетелге шығуыма, жарысқа қатысуыма мүмкіндік болуы керек", - деп тоқетер сөзін айтты ол сотта.
Сот шешімі бүгін сағат 14:30-да жарияланады деп күтіледі. Қуат Хамитовқа Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 3-бөлігіне ("Мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және тәртіпсіздікте немесе жаппай арандатуға шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру") сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылуда.
Сот процесі 18 қаңтарда басталды. Іс қысқартылған тәртіпте қаралады.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов көшеде дезинфекция жасаушыларды таспен ұрып, дәрі шашып жүрген тікұшақтарға көпті оқ атуға шақырған видео түсірген. Ол тиісті сот ісін жүргізу үшін Алматы қалалық Полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Хамитов одан соң жаңа видео жариялап, алдындағы видеоның "қалжың ретінде түсірілгенін" айтты.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы халықты дезинфекция жасаушыларды ұруға шақырды
Қуат Хамитов жаңа мәлімдеме жасады
"Жаппай өлімді тоқтаттық": Қуат Хамитов соттала ма?
Алайда кейінірек ол өз сөзінен бас тартпағанын мәлімдеді.