Спортшы Қуат Хамитов бейнеүндеуіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дезинфекция туралы тарап кеткен видео қалжың ретінде түсірілген. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет жасауға ешкімді шақырмаймын және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Қуат Хамитов желіде тараған видеода.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың дезинфекциялаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырған видеосы тараған болатын.
Кеін ол Алматы полициясына жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу ісі тізіміне тіркелді.
Сондай-ақ, бүгін ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында спортшы Қуат Хамитовтың бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді.