Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Көзімнің үстіндегі майды алдыртқанмын...": Гүлзира Айдарбекова отаға жиі жүгіне ме?

"Мен Америка, Моңғолия, Германия, Қытай... қай елде болсам да, солардың барлығында массаж жасатып көрдім. Жасатпаған жерім қалмаған шығар. Бірақ біздің Қазақстанда Қытайдан артық жасай алады деп ойламаппын", - дейді ол.

"Көзімнің үстіндегі майды алдыртқанмын...": Гүлзира Айдарбекова отаға жиі жүгіне ме?
фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің пластикалық ота жасатқанына қатысты қауесеттерге қатысты жауап берді, деп хабарлады paryz.kz, "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол косметологиялық процедураларды жасатқанын жоққа шығармады. Жас көрінуіне арнайы бет массажы көмектескен екен.

"Өзіміз жасайтын косметологиялық процедураларды жарнамалап жататынымыз рас. Еңбегі ұнап, жұмысы көңілімізден шығып жатса, халыққа айтамыз. Ал еңбектері ұнамай жатса, келіспейміз. Мен халықты алдай алмаймын. Бір косметологияға бардым. Маған қатты ұнады. Ішкі бұлшық еттерді тартып, массаж жасаған кезде бетіңіздің салбыраған жерлері жоқ бола бастайды. Өзіңіз байқайсыз. Содан кейін тағы 5-6 рет өздерінің тәсілдерімен жасайды. Мен Америка, Моңғолия, Германия, Қытай... қай елде болсам да, солардың барлығында массаж жасатып көрдім. Жасатпаған жерім қалмаған шығар. Бірақ біздің Қазақстанда Қытайдан артық жасай алады деп ойламаппын. Ондай мамандар бізде бар. Барлығы бетіме операция жасатты деп ойлайды. Алайда, бетім операция емес. Бұрынғы кезде көзімнің үстіндегі майды ғана алдыртқанмын. Ал арнайы пластика жасатпағанмын. Тоқпен нервтарды тартып қоятын процедура бар. Ол өте жақсы көмектеседі", - деді продюсер.