Нью-Йоркте Навальныйды қолдаған шеруде көк байрақ желбіреді (ВИДЕО)

"Шеруге тек орыстар емес, барлық адам бір кісідей атсалысты..." - дейді куәгер.

Кеше Ресей оппозиционері Алексей Навальныйды қолдаған наразылық шерулері бірқатар шет мемлекеттерде де өтті. Тіпті, Нью-Йорктегі шеруге қатысушылар Қазақстан мен Беларус елдерінің туларын алып шыққан, деп хабарлады paryz.kz.

"Көптеген адам шықты. Навальныйды қолдады, босатуды талап етті. Олар жалаушалармен, постермен жүрді. Шеруге тек орыстар емес, барлық адам бір кісідей атсалысты. Бұл жерде Беларус және Қазақстанның тулары көрініп тұр", - деді шараға қатысушы.

Куәгердің айтуынша, Ту ұстаушылар Навальныйды қолдап, "Путин, кет!" деп айқайлаған.

"Навальныйды қолдау митингілері Лос-Анджелес, Прага, Тель-Авив, Амстердам, Гаага, Барселона, Рим, Вена, Хельсинки, Париж, Варшава, София, Стокгольм, Берлин, Гамбург, Лондон, Тбилиси, Вильнюс, Сидней, Черногорияда да өтті" деп хабарлады Meduza.

Тағы оқи отырыңыз: Ресейдегі шеру билікке қарсы наразылықтардың ең ірісі болды (ВИДЕО)

"Ресей өзінің сыйлауға тұрарлықтай қалпын көрсетті!" - Марғұлан Сейсембай

Вашингтонда Трампты қолдаған ереуілшілер арасында қазақтар да жүр (ВИДЕО)

Жүздеген, мыңдаған адамнан тұратын шетелдік наразылар негізінен Ресей елшіліктері мен басқа да дипломатиялық мекемелерге барған.