Осы суреттердің бірнешеуі интернетте таралып жатыр және бір отандасымыздың Капитолийге не үшін келгенін түсіндірген видеоларын әлеуметтік желілерден көруге болады.
Вашингтонда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасады. Қазнет қолданушылары оқиға орнынан Қазақстанның туын көріп қалды, деп хабарлады paryz.kz.
Наразылық кезінде 4 адам қаза тапты, полиция 70 бүлікшіні ұстады. Капитолийдегі тәртіпті қалпына келтіру үшін АҚШ Ұлттық гвардиясы жіберілді. Вашингтондағы оқиғаларды бақылаған қазақстандықтар наразылық білдірушілер тобындағы Қазақстан туына назар аударды.
Осы суреттердің бірнешеуі интернетте таралып жатыр және бір отандасымыздың Капитолийге не үшін келгенін түсіндірген видеоларын әлеуметтік желілерден көруге болады.
"Трамп әлемге ықпал ете алады, Қытай қазақтарына Қытайдағы лагерьлерден азаттық алуға көмектесе алады", - дейді ол.