Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ресей өзінің сыйлауға тұрарлықтай қалпын көрсетті!" - Марғұлан Сейсембай

Халықтың жаппай көтерілуіне оппозионер Алексей Навальныйдың Путиннің жемқорлығы туралы түсірген фильмі себеп болды...

Пост на русском внизу 👇 Про митинги в России. Мен сыйлайтын Ресей - кешегідей ⠀ Кеше Ресей өзінің сыйлауға...

Опубликовано Маргуланом Сейсембаем Суббота, 23 января 2021 г.
"Ресей өзінің сыйлауға тұрарлықтай қалпын көрсетті!" - Марғұлан Сейсембай
фото: facebook.com

Қазақстандық кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Facebook-тегі парақшасында Ресей халқының жаппай бас көтеруіне "сыйлауға тұрарлықтай іс" деп ризашылық танытты, деп жазды paryz.kz.

"Кеше Ресей өзінің сыйлауға тұрарлықтай қалпын көрсетті! Күш көрсетуші құқық қорғау органдарының бүкіл Ресей ішінде ұйымдастырған бассыздықтарына қарамастан, Сахалиннен Санкт-Петербургке дейінгі Ресей халқы Навальныйға қатысты өз ұстанымын танытты. Әсіресе, 51 градустық аяз бен боранда шыққан Якутск ерекше таңғалдырды!

Бұл елдің Ұлы атануы үшін көрсетуге тиіс әрекеті, яғни, адами қасиеттердің ең жақсысын паш етуі – осы арқылы өзгелер ол елді сыйлай алады және сыйлауы керек те. Бірақ ешқандай да аумаққа қатысты дау-дамай, қаруын сермеу немесе империялық кеудемсоқтық таныту бұл қатарға кірмейді" деп жазды ол.

Айта кетсек, 23 қаңтар күні Ресейде Навальныйды қолдаушы жұрт жаппай наразылыққа шығып, биліктен оны босатуын және Владимир Путиннің биліктен кетуін талап еткен еді. Халықтың жаппай көтерілуіне оппозионер Алексей Навальныйдың Путиннің жемқорлығы туралы түсірген фильмі себеп болды. Ол фильмді бір күнде 40 миллионға жуық адам көрген.