Шавкат Рахмоновтың UFC аясындағы жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Спорт журналисі Аслан Каженов өзінің instagram-дағы парақшасында аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін жазды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың UFC аясындағы жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін
Фото: championat.com

Оның айтуынша, ол жаңа ғана елге оралды және Алматы әуежайында тілшілер сұрағына жауап берді.

«Әрине, дәл қазір UFC турнирін қабылдайтын мүмкіндік жоқ. Ол үшін біраз жағдай жасау қажет. Бірақ, алдағы жылдары оған қол жеткізуге болады. Мен оның Қазақстанда болғанын қалаймын және басты жекпе-жектерімнің бірін осы жерде өткізгім келеді» - деді Шавкат.