"Амалын жасау керек": Балжан Бидаш сәби сүйгісі келетінін айтты

Отандық әнші Балжан Бидаш жұбайы Жахан Отарғалиев екеуінің әлі күнге сәби сүймегені жайлы ойлана бастағанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Амалын жасау керек": Балжан Бидаш сәби сүйгісі келетінін айтты
Сурет: Nur.kz

Желі қолданушыларының бірі әншіден "Біз үш жылдан бері сүйе алмай жүрміз. Сіз бұл жағдайды қалай қабылдап жүрсіз?", - деп сұраған. Ал Балжан Бидаш бұл жайтты ойланып жүргенін, алайда күйзеліске жол бермейтінін айтты. "Жаратқанның жоспары бар шығар. Мен басында мүлде ойламайтын едім. Қазір ойлана бастадым. Бірақ бұл үшін күйзеліске түспеймін. Бұйырған күні болады дейміз. Амалын жасау керек. Күйзеліске кірсеңіз, балалы бола алмайсыз. Күйеуіңіз екеуіңіз бір-біріңізді жақсы көруге, махаббатты ұлғайтуға тырысыңыз.