Жұлдызды туған күнімен құттықтаған Айқын елден оңбай сөз естіді

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген екінші әйелі  Жұлдызды туған күнімен құттықтаймын деп, жұрттан тағы да оңбай сөз естіді.  Желі қолданушылары жұлдызды жұпты сынның астында қалдырған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Жұлдызды туған күнімен құттықтаған Айқын елден оңбай сөз естіді
фото: aikyn.kz

Cүйіктісіне деген ақжарма тілегін Айқын өзінің Instagram желісінде жариялады.

«Менің өмірімді 180 градусқа бұрып, жүрегімнің әр клеткасын жаулап алған сүйіктім!!!! Туған күнің құтты болсын!!!! Талай белестер мен сыннан бірге өттік, өтеміз де!!! Ешкімді тыңдама, менің қасымда жолсерігім болып жүре берсең болды!!! Қалғанның бәрін мен өз мойыныма ақ аламын!!! Сені бақытты қыламын!!!! Туған күніңмен алтыным!!! Сені ешкімге бермеймін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің аталған жазбаны жазғаны сол еді, жаппай сынның астында қалдырды. Олар:

«Қалай бірінші әйелім оқиды, одан туған балаларым оқиды, көреді демейсіз, жандарына батады ғой. Қалай құдай осындай адамдарды тайраңдатып қояды екен, бірақ өмір алда, көз жас жібермейді», «Айқын, тыныш отыршы, баласы бар қатынды кім алайын деп отыр?», «Ылғи жағымпаз әйелдер, шындыққа тура қарап үйреніңдер, бұларды күшті деп дәріптеуге болмайды, Құдай сақтасын! Қызға қырық үйден тию деген бар.  Бір Алла қызымызға сана берсін», –  деп жазды олар.