«Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін» – Димаш Екібастұздағы апат жайлы

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Екібастұздағы апатқа қатысты пікір білдірді.

«Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін» – Димаш Екібастұздағы апат жайлы
Фото: ашық дереккөз

«Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді. Бірақ, мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Іnstagram парақшасында.