Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Қалада адамдардың қарым-қатынасы дұрыс емес»: Бақыт Шадаеваның ауылға көшуінің себебін түсіндірді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шадаева "Оян" телебағдарламасына берген сұхбатында ауыл неліктен көшіп кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.

«Қалада адамдардың қарым-қатынасы дұрыс емес»: Бақыт Шадаеваның ауылға көшуінің себебін түсіндірді
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі биыл жыл басында ауылға көшіп кеткен болатын. 

"Мен негізі 2023 жылға дейін Алматыдан шыққан адам емеспін. Осы 2024 жылдан бастап мен ауылға көшіп кеттім. Шынымды айтайын, ауылға барып менің санам да, ойым да өзгерді. Халықтың көзқарасына қарап мен қазір көп нәрсені үйреніп жатырмын. Қазіргі таңда мен дүниені басқа қырынан көріп жатқан секілдімін, қазақ екенімді енді ғана тұла бойыммен сезініп жатырмын. Біріншіден, адамға, жерге, малға, табиғатқа деген көзқарас өзгеріп, олар адамға басқаша бір әсер етеді. Сондықтан негізі арасында бір айға ауылға кетіп қалу керек екен. Бұл менің әрбір өнер жолында жүрген адамға айтар кеңесім. Неге? Өйткені ауылда көп нәрсені басқаша сезініп бастайсыз. Бұл өнерге кедергі болмайды, керісінше, пайдасын тигізіп, басқаша қырын ашады. Қалада тұрғанда таңертең ұйқыдан оянамыз да бір бағыт бойынша жүре береміз. Ылғи да бір жаққа асығып жүреміз, тоқтамайтын, бір уақыт тыныс алып жан-жаққа қарайтын уақыт жоқ, робот секілдіміз. Қалада адамдардың қарым-қатынасының өзі дұрыс емес. Ауылда адамдармен сөйлесіп, жан-жаққа, табиғатқа қарап, көңіл бөлу адамға мықты қуат береді. Ауыл адамды баптайды, қуаттайды. Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой", - деді әнші.