Кәмшат Жолдыбаева Доминикандағы демалысын есекке мініп өткізді

Әнші Кәмшат Жолдыбаева шетелдегі ерекше сәттердің бірін есекке мініп өткізді. Тіпті күлкісін тия алмай, жануармен жалғыз қыдыруға әрекеттенген, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Кәмшат Жолдыбаева Доминикандағы демалысын есекке мініп өткізді
ашық дерек көздерінен

Шетелдегі демалыстарының бірінде атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаева тағы бір қырынан танылды.

Әнші бұл жолы әлеуметтік парақшасында есекке мінген бейнежазбасын жариялады. Видеода қолды аспанға көтеріп, екі езуін жия алмай күлгенін байқайсыз. Тіпті жануарды жетектеген ер адамға жалғыз қыдырғысы келетінін түсіндіріп әлек.

Мынау қалай кетті, — деп жазған әнші бейнежазбаға.

Десе де, есектің иесі әншіні құлап қалады деді ме тізгінді берген жоқ. Арлы-берлі жүргізіп, көңілін көтеріп қойды.