"Түсіндірмеймін": Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтанда концерті өтпейтінін хабарлады

Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтанда жоспарланған концертінің өтпейтінін хабарлады. 31 шілдеге жоспарланған концертке билеттер сатылып үлгерген. Әнші мұндай әрекетке баруының себебін түсіндірмеді, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Түсіндірмеймін": Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтанда концерті өтпейтінін хабарлады
ашық дерек көздерінен

"Құрметті менің тыңдармандарым, достарым, бәрі-бәрі! Сіздерге айтқым келетіні, 31 шілде күнгі концерт болмайды. Түсіндірмеймін. Тек мені түсінгендеріңізді қалаймын. Маған үзіліс керек", - деп бөлісті Кәрімов желідегі парақшасында.

31 шілдеге жоспарланған концертке билеттер сатылып үлгерген. Кәрімов билеттердің ақшасы кері қайтарылатынын хабарлады.