"Жау жүрек мың баладағы" Асылхан Төлеповтен ел мұны күткен жоқ

Театрда ерекше образ сомдаған Асылхан Төлепов қызу талқыға түсті. Актерді батырдың образында білетін көпшілік оны танымай қалғандарын айтып, сынға алды, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Жау жүрек мың баладағы" Асылхан Төлеповтен ел мұны күткен жоқ
ашық дерек көздерінен

Қысқа шорты, кеудесі ашық жейде киіп, би билеген Төлеповті желі қолданушыларының бір тобы сынға алса, екінші топ мамандығын еске салып, қорғауға тырысты. 

"Актер болған соң, жан-жақты образ болады", "Әртүрлі образға ене білу де талант", "Ол бірінші кезекте актер, сондықтан артық сөз жазбаңыздар", "Жігітке 7 өнер де аз, осы үшін сөкпеңіздер", - деп жазды желі қолданушылары.