Баян Мақсатқызының экс-жұбайы мерзімінен бұрын босатуды сұрады

"Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы бизнесмен Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады", - деп жазады Рaryz.kz  Tengrinews.kz   сілтеме жасап. 

Баян Мақсатқызының экс-жұбайы мерзімінен бұрын босатуды сұрады
ашық дерек көздерінен

Сот мәліметінше, өтінішті Қапшағай (қазіргі Қонаев - автор.) қалалық соты қарайды. 

"Сотталған Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш Қапшағай қалалық сотына түсті. Тыңдау күні 11 шілдеге белгіленді", - деді Алматы облыстық сотындағылар.

Еске салайық, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қарашасында сотталған болатын. Ол әйеліне қатысты "Адам өлтіру әрекеті" үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Заңға сәйкес, мұндай қылмыс "аса ауыр" санатына жатады. Сондықтан, сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен екісі өтелгеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрай алады. Бұл кезең Есентаев үшін осы жылдың маусымына келеді.