Баян Алагөзованың тұрмыстық зомбылық туралы фильмі тағы бір халықаралық фестивальде топ жарды

Баян Алагөзованың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі тағы бір халықаралық кинофестивальде топ жарды. "Бақыт" кинокартинасы бірден төрт аталым бойынша үздік деп танылған, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Баян Алагөзованың тұрмыстық зомбылық туралы фильмі тағы бір халықаралық фестивальде топ жарды
ашық дерек көздерінен

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмі Валенсияда өткен халықаралық кинофестивальде тағы жеңіп шықты", - деп сүйінші хабарды жеткізді Алагөзова. 

Сөзіне сенсек, картина бірден төрт аталым бойынша үздік деп танылған: Үздік режиссер - Асқар Ұзабаев, үздік актер - Ерболат Әлқожа, көрермен таңдауы бойынша үздік фильм және жас әділ-қазылар жүлдесі. 

"Үздік продюсер" деген жүлденің жоғы өкінішті, әйтпесе мен оны міндетті түрде алар едім. Командамды жеңісімізбен құттықтаймын. Біз жарадық",-  деді Мақсатқызы.

Айта кетейік, Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын 2016 жылдан бері көтеріп келеді. Сол жылы продюсер экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылған болатын. Әйеліне пышақ жарақатын салған Есентаев соттың шешемімен 9 жылға сотталған еді. Продюсер алты жылдан кейін бұрынғы күйеуімен тілдескенін айтқан еді. 

Бұған дейін аталған картина Берлинде өткен кинофестивальде жүлделі болған.