Садраддин Болат: анама қамқор қыз іздеп жүрмін

Жас әнші Садраддин Болат жеке өмірі жайлы сыр шертті. Ол анасына қамқор келін болатындай қыз іздеп жүргенін ашық айтты. Одан бөлек Шымкенттің жігіті әндерін неге орысша жазатынын түсіндірді. Бұл туралы Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Садраддин Болат: анама қамқор қыз іздеп жүрмін
ашық дерек көздерінен

"Анама қамқор болатын, үйдің тірліктеріне көмектесетін, қарсы келмейтін, орамалын тағып, шай құятын қыз іздеп жүрмін", - деп ашығын айтты Садраддин.

Айта кетейік, Садраддин "Я люблю тебя, Алия" атты әнімен көпшілікке танылды. Алайда оған дейін Болат қазақша әндер жазғанын, сәтсіз шыққанын айтты. Шымкенттен шыққан әнші өзі қазақтілді болса да, неге әндерін орысша жазатынын түсіндірді. 

"Әндерді орысша жазамын. Бірақ қазақ болып туғандықтан, қазақша ойлағандықтан, қате жіберуім мүмкін. Сол жерлерін дұрыстатып, қаратамын. Мысалы, ойыма "Я люблю тебя, Алия" деп орысша сөздер келіп бастаса, әрі қарай орысша жазуым керек сияқты болып тұрады. Сондықтан орысша да, қазақша да жаза беремін", - деді ол.