Мақпал Исабекова 38 жасында ана атанды

Мақпал Исабекова 38 жасында алғаш рет ана атанды. Ол ұл туды, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мақпал Исабекова 38 жасында ана атанды
ашық дерек көздерінен

Әнші перзентханада сәбиін емізіп отырған суретін жариялап, көпшілікке сүйінші хабарды жеткізді.

"Алланың қалауымен ата-ана атандық, ұлымыз дүниеге келді, МашАллах. Жаратушымызға сансыз мадақтар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, былтыр Мақпал Исабекова өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шыққан. Әнші ақ келін болғанын жариялағанымен, жұбайының жүзін көпке дейін көрсетпеді. Айтуынша, өмірлік серігі елдің алдына шыққанды аса қаламайтын жан. Есесіне кештердің бірінде жұпты таспаға түсірген Ерке Есмахан күйеу жігітті көпшілікке көрсетіп қойды.