Димаш Құдайберген: "Сөз таппай қиналдым"

Димаш Құдайберген Юрий Шатуновты еске алды. "Ласковый май" тобының солисі 48 жасында дүниеден озған еді, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Димаш Құдайберген: "Сөз таппай қиналдым"
ашық дерек көздерінен

Димаш Құдайберген Шатуновпен бірге Андрей Малаховтың бағдарламасында қонақ болғанын еске алды. Ол өмірден ерте кеткен әріптесімен бірге әлі де талай бір сахнада ән шырқаймын деп ойлағанын жеткізді. 

"Сөз таппай отырмын. Әлі де бір сахнада өнер көрсетеміз деп ойлап едім. Жаныңыз жаннатта болсын, Юра көке. "Балалық шағымыз" үшін рахмет", - деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.