Атышулы Диана Қырықбайдың қыздарға кеңесі: "3-4 жігітпен араласып, жақсысын таңдау керек"

Жүргізушінің айтуынша, тәрбиенің жігітпен жүргенге еш қатысы жоқ, - деп хабарлайды  Рaryz.kz Alashainasy.kz -қа сілтеме жасап.

Атышулы Диана Қырықбайдың қыздарға кеңесі: "3-4 жігітпен араласып, жақсысын таңдау керек"
ашық дерек көздерінен

Диана Қырықбай "Тәрбиелі қыз бір жігітпен, тәрбиесіз 3-4 жігітпен жүреді" деген пікірмен келіспейтінін айтып, көп қыздарға мұндай ойдан арылуға кеңес берді.

Тәрбиелі, текті жерден шыққан қыз 3-4 жігітпен араласа алады. Тұрмыста болмасаңыз, сізге құда түспесе жігіттермен сөйлесе бересіз. Бір жігітке ғана қарап отырсаңыз, ол сізден кетіп қалады, — дейді жүргізуші.

 

Диана Қырықбай қазіргі заманның өзгергенін алға тартады.Тіпті психологтардың өзі осындай кеңес беретін көрінеді.

"Біріншісі жоқ па, екіншісі келеді, екіншісі кетсе, үшіншісі бар. Қыздар, таңдау керек. Сондықтан, жігітпен жүрудің тәрбиеге ешқандай қатысы жоқ. Егер өздеріңізге ұнаса, бір жігітпен жүріп, тек соған қарап, қиналып жүре беріңіздер", — дейді ол.