"Мәдениеттің төмендігі": Роза Рымбаева сахнада болған жағдайға қатысты пікір білдірді

Әнші Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке берген сұхбатында наурыз мерекесі қарсаңында сахнада болған келеңсіз оқиғаға қатысты пікірін айтты деп хабаралайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мәдениеттің төмендігі": Роза Рымбаева сахнада болған жағдайға қатысты пікір білдірді
Сурет: Turkystan.kz

«Сол көрермен әртісті сыйламады. Мыңдаған көрерменнің алдында ән айтып тұрсам, менімен жағаласып селфи жасап жатыр. Менің ән айтып тұрғанымды, менің образда тұрғанымды, халық мені тамашалап тұрғанын ешқайсысын сыйлап тұрған жоқ. Шаруасы да жоқ, ол өзінің ойын жасап жатыр. Оған көрсету керек қой Рымбаевамен түстім деп. Бірақ ол Рымбаева халықтың әртісі екенін, сахнада халыққа қызмет етіп тұрғандығын ойлап тұрған жоқ.  Біздің көпшілік көрермен сол жақты қолдап кететіні ішімді қынжылтады. Бұл мәдениеттің төмендігі ғой», – деді Рымбаева.

Тағы оқыңыздар:  «Қартайғанның белгісі»: Роза Рымбаева тыңдарманының кеудесінен итерді (ВИДЕО)