«Қартайғанның белгісі»: Роза Рымбаева тыңдарманының кеудесінен итерді (ВИДЕО)

Роза Рымбаева сахнаға шыққан тыңдарманының кеудесінен итерді, деп хабарлайды Paryz.kz, "Qaz.stars" Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

«Қартайғанның белгісі»: Роза Рымбаева тыңдарманының кеудесінен итерді (ВИДЕО)

Видеода Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт, сахнада Роза Рымбаева ән айтуда. Әншімен суретке түскісі келген жігіт сахнаға көтеріліп, жұлдыздың қасына жақындап, селфи жасамақ болды, әнші оны "Ары кет, маған бөгет жасап жатырсың" деп итеріп жіберді.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын бірден сынады. 

"Қартайған белгісі", "фонограммасы коринип калды ау", "Дұрыс емес ерадамның көкірегінен итеруге болмайды", "Ұят болды ғой", - деп жазды желі қолданушылары.