"Аяғыңыз ауыр ма не?": Айгүл Иманбаева халықты екі ойлы қылып жүр

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына түсті,деп хабарлайды Paryz.kz,Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аяғыңыз ауыр ма не?": Айгүл Иманбаева халықты екі ойлы қылып жүр

Қалың көпшілік өнер иесінің аяғы ауыр деп болжауда. Желі қолданушыларының мұндай пікірлеріне әртістің желіде тарап кеткен видеосы себеп болған. Онда өнер иесінің жаттығу залында жүргенін көруге болады. Алайда өзге жұлдыздар жаттығып жатқанда Иманбаева өзіне мұндай іс-қимылдар жасауға болмайтынын айтады.

"Кино алаңда қанымызды ішіп жүретін жігіт бар. Бізге жаттығу жасатып жатыр. Бүгін той, Гүлекеңнің қуанышы ғой. Жұлдыз дұрыстап жұмыс істе. Кешке болатын бешбармақты ойла. Ал маған болмайды. Менің жағдайымда мүлдем жасауға болмайды", - деді ол видеода. Айгүл Иманбаеваның бұл сөздеріне жаттықтырушы одан "аяғыңыз ауыр ма не?" деп сұрайды. Әнші оған жауап бермей, күле салады. Қалың көпшілік бірден актрисаның бұл сөздерінен кейін оның жүкті екенін жарыса жазуда.

"Мен білсем қыз немесе ұл туады", "Шынымен жүкті секілді ғой", "Құтты болсын. Ана болу деген бақыт қой", "Расымен аяғы ауыр сияқты", "Мүмкін ауырып тұрған болар", "Айгүл ханым соңғы кездері жүктілікті өзі тұспалдап айта алмай жүргендей болып жүр", - деп жазуда оқырмандар. Бірақ Иманбаева халықтың бұл болжамдарына қатысты пікір білдірген жоқ. Ол жүктілігіне қатысты қауесеттерді растамады.