"Енді жасырмауға болады": Айнұр Нұрсейітова төртінші рет тұрмысқа шықты

Ғаламтор кеңістігінде аса танымал блогер Айнұр Нұрсейітова тұрмысқа шықты. Бұл желі жұлдызы үшін төртінші неке болмақ, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Енді жасырмауға болады": Айнұр Нұрсейітова төртінші рет тұрмысқа шықты
Сурет: ашық дереккөз

Айнұр Нұрсейітова бұл жаңалығын Instagram парақшасында барша оқырмандарымен бөлісті. Бақыттан басы айналған блогер Stories бөлімінде неке қию куәлігін қалың көпшілік назарына ұсынды.

Сонымен қатар әпкесінің тұрмысқа шыққанын оның сіңлісі Бота Нұрсейітова да хабарлаған болатын. Ол Айнұрдың ұсыныс жасалған күні жолдаған хабарламасының скриншотын жариялап қойды. Желі жұлдызы бұл қуанышымен ең алдымен өз отбасымен бөліскен. Бота Нұрсейітованың жазбасына сәйкес, әпкесіне үйленуге ұсыныс 19 наурызда жасалған

Желі қолданушылары Айнұр Нұрсейітованы жарыса құттықтап, оған ақ тілектерін жолдады. Айта кетейік, бұл Нұрсейітованың төртінші некесі. Бұған дейін блогер ару үш мәрте тұрмыста болған. Алайда, үш некесі де сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде ол екі баланы тәрбиелеп отыр.