"Менің де қорқыныштарым бар": Нұрлан Сабыров Украина мен Ресей қақтығысы туралы айтты

Стэнд-ап жанрында өнер көрсететін әзілкеш Нұрлан Сабыров Лос-Анжелестегі концерттерінің бірінде келеңсіз жағдайға тап болды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әзілкеш сахнада сөз сөйлеп тұрған сәтте залдан оған бір көрермен Украина мен Ресей қақтығысына байланысты өз ойын айтуды сұрады.

«Тіліңді жұтып қойдың ба? Неге үндемейсің? Қорықсаң, солай айт!» – деді көрермен.

Сабыров көрерменге өзінің отбасы мен жақындарына алаңдайтынын, оның да өз қорқыныштары бар екенін айтты. Қақтығысқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.

«Иә, бауырым, солай. Менің отбасым бар. Менің де қорқыныштарым бар екенін түсініңіздер», – деді әзілкеш.

Осыдан кейін әртістен қақтығыс туралы пікірін білгісі келген көрермен «Сен менің кумирім болғансың…» деді де залдан шығып кетті.