"Сүйінші хабарды туған күнінде білді": Нұрлан Қоянбаев үшінші рет әке атанбақ

Нұрлан Қоянбаевтың отбасында қуанышты хабар. Еліміздегі ең табысты кинопродюсер үшінші рет әке атанбақ. Қоянбаевтың жары Әйгерім жүкті. Көпшілік сүйінші хабарды оның туған күнінде білді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сүйінші хабарды туған күнінде білді": Нұрлан Қоянбаев үшінші рет әке атанбақ
Сурет: Stan.kz

Әйгерім Қоянбаева жақын достарының басын қосып, меншікті мерекесін атап өтті. Оның туған күніне Жұлдыз Әбдікәрімова, Салтанат Бақаева, Нұржан Керменбаев, Әсел Сағатова, Жанель Мақажан сынды елімізге белгілі әртістер қатысты. 

Кеш қонақтары әлеуметтік желіде туған күн кешінің кадрларын жариялады. Көпшілік сол жерден Әйгерім Қоянбаеваның аяғы ауыр екенін байқады. 

Желі қолданушылары Қоянбаевтар жанұясын жарыса құттықтады. 

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев жұбайы Әйгеріммен университетте оқып жүргенде танысқан. Жарының мамандығы - экономист. Екеуінің бір ұл мен бір қызы өсіп келеді.