"Бекер жасатқансыз": Say Mo көзіне ота жасатты

Әнші Say Mo блефаропластика жасады. Ол жанкүйерлеріне операцияның нәтижесін бірден көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бекер жасатқансыз": Say Mo көзіне ота жасатты

Instagram желісіндегі парақшасында әнші ота жасауға дайындалып жатқанын айтты.

"Жігіттер, ертең мен операция жасаймын. Сәттілік тілеңіздер. Қалай ойлайсыздар, операция қандай болады?", – деп жазды ол.

Бүгін әншінің блефаропластика жасағаны белгілі болды. Ол жазылушыларға ота нәтижесін бірден көрсетті. Оқырмандардың кейбіреуі отаға қатысты түсінбеушілік білдірді.

"Бекер, жасағансын, сенің көздерің керемет еді, әдемі еді", - деді жанкүйерлердің бірі.

Жауап ретінде Say Mo оның пікірін сұрамағаны үшін мысқылмен кешірім сұрады.

Еске салайық, бір жылдан сәл астам уақыт бұрын Say Mo кеудесіне ота жасатып, оған 2,8 миллион теңге жұмсаған болатын. Бұл жолы еріндерін үлкейтуге шешім қабылдады.