Павлодарда ішімдік ішкен келіні қарияны ұрып-соққан

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасындағы кикілжіңге байланысты 2181 адамды әкімшілік жауапқа тартыпты.

Павлодарда ішімдік ішкен келіні қарияны ұрып-соққан
фото: ашық дереккөз

Павлодарда 72 жастағы қала тұрғыны полициядан көмек сұраған деп хабарлайды Paryz.kz.

Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, 45 жастағы келіні алкоголь ішіп, ұрыс шығарып, кейін зейнеткердің бетінен ұрған көрінеді.

Ұрып-соққаны үшін қарияның келіні ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасындағы кикілжіңге байланысты 2181 адамды әкімшілік жауапқа тартыпты.