Ақтөбеде үйінде жалғыз қалған сегіз жасар қызды зорлап кетті

Бірнеше сағаттан кейін полицейлер қылмыскерді қолға түсірді. 

Ақтөбеде үйінде жалғыз қалған сегіз жасар қызды зорлап кетті
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде педофил сегіз жасар қызды зорлады. Адам шошырлық оқиға түске қарай болған. Күдікті бірнеше сағаттан кейін ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша, күдікті қамауға алынып, тергелуде. 

Қала орталығындағы пәтерде қаршадай ғана қыз жалғыз болған. Белгісіз адам есікті қаққанда, сұрақ қоймастан аша салған. Бүлдіршіннің жалғыз қалғанын көрген педофил оған күш көрсетіп, зорлаған. Артынша қашып кеткен. 

Бірнеше сағаттан кейін полицейлер қылмыскерді қолға түсірді. 

Пәтерге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, кәмелетке толмаған қыздың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасап, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері барлық полиция қызметінің қажырлы және үйлесімді жұмысының нәтижесінде жедел шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады, – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.