Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады полиция

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Paryz.kz. 

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады полиция
Фото: видеодан скриншот

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.

Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.