ШҚО-да биыл 920 тонна пішен өртеніп кеткен

Шөп жинау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар фермерлерге түсіндіру жүргізіп жатыр.

ШҚО-да биыл 920 тонна пішен өртеніп кеткен
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 920 тонна пішен өртеніп кеткен деп хабарлайды Paryz.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, шөп жинау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар фермерлерге түсіндіру жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 7 157 адам қамтылған.

Егіндік алқабындағы техниканы тексеру кезінде өрт сөндіру құралдарының болуына және жұмысқа жарамдылығына назар аударылды. ТЖД қызметкерлері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жерді жырту барысында қауіпсіздік талаптарын ұмытпауды ескертті. Жыртылатын жер автокөлік жолдары, елді мекендер мен орман алқаптары аумағынан 4 метрден кем емес қашықта болуы тиіс. Себебі кездейсоқ темекі тұқылынан немесе сіріңкеден өрт шығуы мүмкін, – деп хабарлады департаменттен.

Егін жинауға қолданылатын ауыл шаруашылығы техникасы да өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес болуы керек. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда биыл өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмауы салдарынан 920 тоннадан астам пішен өртенген.