"Өрт әдейі қойылуы да мүмкін": Министр әкери қоймадағы жарылыстың себебін атады

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде шұғыл тергеу тобы құрылып, жарылыстың себебін анықтауға кірісіп кетті.

"Өрт әдейі қойылуы да мүмкін": Министр әкери қоймадағы жарылыстың себебін атады
фото: дереккөз

Жамбыл облысындағы әскери қоймаға өрт әдейі қойылуы мүмкін. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Біз алдын ала болжам бойынша кез келген себепті жоққа шығара алмаймыз. Қауіпсіздік талаптары бұзылуы мүмкін. Химиялық реакция мен өзінен-өзі тұтану да бар. Сондай-ақ әдейі өрт қою немесе диверсияны да жоққа шығармаймыз, - деді Ермекбаев арнайы брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде шұғыл тергеу тобы құрылып, жарылыстың себебін анықтауға кірісіп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. 

Paryz.kz бұл оқиғаға қатысты ақпараттарды үзбей жариялап жатыр.