Алматы облысындағы тас жолда шағын автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай тас жолының шетінде автокөліктің жанып жатқан видео жарияланды. 

Алматы облысындағы тас жолда шағын автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы тас жолдардың бірінде микроавтобус өртеніп кетті деп хабарлайды Paryz.kz

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай тас жолының шетінде автокөліктің жанып жатқан видео жарияланды. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 25 тамызда сағат 12.25-те Қапшағай қаласында Алматы-Өскемен тас жолының бұрынғы МАИ посты маңындағы бөлігінде жанып жатқан микроавтобус туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

Автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі техникалық ақаулық Toyota Hiace көлігінің өртенуіне себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер төрт қызметкер мен бір автокөліктің көмегімен өртті 12.45 -те сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.