Елордалық әуежайдың бас есепшісі тергеу қапасында өз-өзіне қол салып, өлмек болды

Сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ұсталған Нұр-Сұлтан әуежайының бас есепшісі тергеу изоляторында өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық әуежайдың бас есепшісі тергеу қапасында өз-өзіне қол салып, өлмек болды
Фото zakon.kz

Сот отырыстарының бірінде, тамыз айында ЕС-166/1 мекемесінде қамауда отырған Бабашеваның науқас екендігі және сот отырысына қатыса алмағаны белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы мен сотталушы Бабашеваның қорғаушысы сараптама жүргізуге өтініш білдірді. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

"Осы сараптама тағайындалғаннан кейін ЕС 166/1 мекемесінен Бабашеваның көп дәрі ішіп, уланып өлуге тырысқаны туралы хабар келіп түсті. Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалдық жағдайын анықтау қажет болды", - делінеді соттың келесі шешімінде.

Сотта қылмыстық істі қарау тоқтатылды.