Ақмола облысында ер адам анасын ұрып өлтірді

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ақмола облысында ер адам анасын ұрып өлтірді
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 29-да Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағанын айтқан. 

Анықталғандай, оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Соққыдан кейін анасы кенеттен көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған, - деп мәлімдеді полициядан. 

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. 

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.