"Жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр": СҚО-да ерлі-зайыпты газдан уланып, қаза тапты

Бір күн бұрын үйде пештің жөнделгені анықталды. Ал жөндеу жұмыстары толықтай аяқталмаған.  

"Жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр": СҚО-да ерлі-зайыпты газдан уланып, қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы Горькое ауылында газдан улану салдарынан екі адам қаза болды деп хабарлайды Paryz.kz

Тұрғын үйдегі жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан 1977 жылы туған ер адам және оның 1982 жылғы жұбайы газдан уланып, көз жұмды.

Айта кетейік, үйде 13 жастағы ұлы болған. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі оның жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Ал мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Олардың 13 жастағы ұлы ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, облыстық балалар ауруханасында механикалық желдету астында жансақтау бөлімінде жатыр. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бір күн бұрын үйде пештің жөнделгені анықталды. Ал жөндеу жұмыстары толықтай аяқталмаған.