Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында жүргізушілер төбелес шығарды (ВИДЕО)

Жанжалдың себебі де белгілі болды.

Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында жүргізушілер төбелес шығарды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда "Газель" мен "Мерседес" жүргізушілері қаланың қақ ортасында төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті.

Видеода "Газель" көлігінен шыққан екі жігіттің бір адамға жабылып жатқанын көруге болады. Бірақ "Мерседестің" жүргізушісі екеуін тоқтата білді. Ал одан кейін жүк көлігінің жолаушысы жүгіріп келіп, оны шықшыттан ұрып құлатады. Осы кезде "Газель" жүргізушісі келіп, төбелесті тоқтатады. Басқа көлік жүргізушілері де араша түседі. Төбелес Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылының қиылысында болған.

Астаналық полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп бұзушылықты тіркеуге алып, төбелеске қатысқандардың бәрін анықтады. Жанжалдың себебі де белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат көрсеткен. Оның арты жанжалға ұласқан.

"Қазіргі кезде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысына кедергі жасамауға шақырады", - дейді полицейлер.