Арыстық келін енесінің атына несие рәсімдеп, ақшасын қайтармай қойған

Тергеу барысында келіншек өзге банктегі қарызын жабу үшін, бұрынғы енесінің атына несие алғаны анықталды.

 

Арыстық келін енесінің атына несие рәсімдеп, ақшасын қайтармай қойған
Дереккөз: EADayli.ru

Түркістан облысы Арыс қаласында бұрынғы енесіне айтпай, жасырын түрде несие рәсімдеп, ақшаны жұмсап қойған келіннің әрекеті әшкере болды. Өкініштісі әйел адам енесіне ақшасын қайтармаған, деп хабарлады paryz.kz "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасап.

Амалы таусылған әйел адам полицияға арыз жазған. Оның айтуынша келіні ұлымен ажырасқанға дейін атына 50 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бүгінгі күні несие көлемі көбейіп, әйел адам тәртіп сақшыларына бұрынғы келінін тауып беруін өтінген.

Тәртіп сақшылары аталған істі ҚР ҚК «Алдау» бабы бойынша тіркеп, келінді іздеу жұмыстарына кіріскен.

Нәтижесінде келіншек Түркістан қаласында табылып, ол полицияға әкелген. Келіншек өзінің кінәсін толығымен мойындаған.

Тергеу барысында келіншек өзге банктегі қарызын жабу үшін, бұрынғы енесінің атына несие алғаны анықталды. Алайда ол қаражатты қарызын жабуға жұмсамай, өз шотына аударып, ақшаны жұмсап қойған.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жас келіннен басқа аумақтарға шықпау жөнінде қолхат алынған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.