Ұшақ жүріп бара жатқан көліктің үстіне құлады (ВИДЕО)

Ал көліктің ішінде әйел мен бала болған. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер баланы құтқарып қала алмаған.

АҚШ-тың Флорида штатында жеңіл моторлы ұшақ жүріп бара жатқан көліктің үстіне құлап, артынша жарылған, деп хабарлады paryz.kz.

WSVN телеарнасының мәліметіне қарағанда, оқыс оқиға Пемброк-Пайнс қаласындағы Норт-Перри әуежайының маңында болған.

Жантүршігерлік көрініс бейнебақылау камерасына түсіп қалған екен. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң құлаған.

Бір моторлы Beechcraft Bonanza ұшағында екі адам болыпты, олар оқиға орнында қаза тапқан. Ал көліктің ішінде әйел мен бала болған. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер баланы құтқарып қала алмаған.