Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұшағы апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Бортта болған 6 жолаушының 4-еуі қайтыс болды. Қалған екеуі Іле ауданының ауруханасына жеткізілді. 

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұшағы апатқа ұшырады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 6 адам болған, деп хабарлады paryz.kz

"Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу-қону жолағының бас жағында құлаған", - деді әуежайдан.

Бортта болған 6 жолаушының 4-еуі қайтыс болды. Қалған екеуі Іле ауданының ауруханасына жеткізілді. 

"13 наурыз күні сағат 17:25-те Алматы қалалық әуежайы диспетчер қызметіне сағат 17:22-де Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағының радары жоғалғаны және ұшақтың апатты жағдайда Алматы қаласының әуежайына қонғаны туралы ақпарат келді", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқыс оқиға орнында ТЖҚ-ның 9 маманы, 1 техника және 1 республикалық құтқару апатының кинологиялық қызменті, сондай-ақ, Алматы қаласы құтқару қызметінің 1 техникасы бар.

"Одан бөлек, оқиға орнында Алматы облысының 4 СПАСОП және 2 СПиАС техникасы жұмылдырылды. Ұшақтың өрті ауыздықталды", - деді ол. 

Сонымен қатар, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 10 реанимациялық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.