Оралда оқ жарақатын алған полиция қызметкері көз жұмды

Орал қаласында оқ жарақатын алған полиция қызметкері қайтыс болды.

Оралда оқ жарақатын алған полиция қызметкері көз жұмды
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды.

Оқиға 24 маусым күні БҚО Полиция департаментінің бақылау-өткізу пункті ғимаратында болған еді. Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған болатын.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.