Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қаза болды
Фото: Kazinform

Әлеуметтік желіде жазылған мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмған.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті департаменттен.